ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 15 тамызда сағат 12.00 шамасында Шәкәрім көшесінде болды.
«9-қабаттағы пәтердің балконында өрт шыққан. Өрт сөндірушілер келіп жеткен кезде үй іші көк түтінге оранып жатты. Құтқарушылар 18 жастағы қызды эвакуациялау үшін бірден баспалдақ қойды. Алайда өне-бойын үрей билеген қыз балконнан секіріп кетті. Қазіргі уақытта жедел жәрдем қызметкерлері жәбірленушіні ауруханаға жеткізген», - делінген хабарламада.
Құтқарушылар жалпы ауданы 6 шаршы метрге жеткен тілсіз жауды ауыздықтады. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына – отты абайсыз қолдану себеп болған.