Семейде өтіп жатқан волейболдан ерлердің «А» жоғары лига командалары арасында ХХ ел чемпионатының бірінші турында «Жайық-Конденсат» командасы жақсы өнер көрсетуде
12:51, 25 Қараша 2011
ОРАЛ. 25 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Семейде өтіп жатқан волейболдан ерлердің «А» жоғары лига командалары арасында ХХ ел чемпионатының бірінші турында «Жайық-Конденсат» командасы жақсы өнер көрсетуде.
Игорь Никольченко жаттықтыратын батысқазақстандықтар алғашқы күні алаң иелері «Семей» командасын тартысты ойында 3:2 есебімен ұтты. Одан кейін «Динамо-Қазығұрттан» (Шымкент) 0:3 есебімен жеңіліп қалғанымен, кеше «Жайық-Конденсат» қайта еңсе тіктеді. Бұл жолы олар Өскеменнің «ШығысҚорғасынҚұрылыс-2» командасынан 3:0 есебімен басым түсті.