Медициналық жедел жәрдем ауруханасының негізінде ашылған жаңа политравма және ортопедия орталығы заманауи қондырғылармен қамтасыз етілген. Науқастардың аз уақыт ішінде сауығып кетуі үшін барлық жағдай жасалған. 2016-2019 жылдарға бағытталған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылған орталық - Астана қаласындағы травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты мен Семейдегі Мемлекеттік медицина университетімен бірлесіп іске асырылған жоба.
«Жаңа политравма және ортопедия орталығы республикалық травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығының жетекші мамандарымен бірге ішкі протездеу және күрделі жарақаттарды емдеуге мүмкіндік береді»,-дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов.
Айта кетейік, Семейдегі жедел медициналық жәрдем ауруханасының рөлі маңызды. Себебі бұл аурухана ШҚО-ның 9 ауданына қызмет етеді. Медициналық жедел жәрдем ауруханасы қазіргі таңда барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.