Семейде полиция қызметкерлеріне арналған мурал пайда болды

Фото: Фото: Polisia.kz

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде қоғам мен полиция арасындағы берік байланысты бейнелейтін мурал жасалды. Бұл туралы Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Суретші балаларға құрмет көрсетіп тұрған атты полицейді бейнелеген. Бұл жұмыс қазнетте танымал болып, көпшіліктің жүрегін елжіреткен роликке балама ретінде жасалған.

Бұл бейне азаматтарды күн-түн демей қорғап жүрген полиция қызметкерлері өздерінің басты миссиясы – қоғамымыздың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етіп жүргенін бейнелейтін маңызды нышан. 

Еске сала кетейік, бұған дейін елордада Күләш Байсейітованың құрметіне тұрғын үйдің қасбетіне мурал салынғанын жазған едік.