СЕМЕЙ. KAZINFORM – Семей қаласында ірі сауда үйі отқа оранды.
Қаладағы киім-кешек саудаланатын ең ірі сауда орнында таңғы сағат 3.00 шамасында өрт шыққан. Қазіргі уақытта сол жерде өрт сөндірушілер қызыл жалынмен күресіп жатыр.
«Полиция қызметкерлері арнайы техниканың өтуін қамтамасыз ету, басқа да оқиғалардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздік пен құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында кезекшілік етуде», - деп хабарлады Абай облыстық Полиция департаментінен.
Өрттің жалпы ауданы айтылмады. Сондай-ақ тілсіз жаудың неден шыққаны да әзірге белгісіз.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.