СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында карантин кезінде рұқсат қағазын сатып пайда тапқан әкімдік қызметкері сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің мәліметіне сүйенсек, қалалық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы автокөлік жүргізушілеріне 5 қызыл рұқсат қағазын сатқан. Тергеу амалдары аяқталған соң оның ісі Семей қалалық №2 сотында қаралды.
«Бас маман төтенше жағдай кезінде 25 мың теңге пара алып, автокөлік иелеріне қала ішінде жүруге арналған рұқсат қағазын заңсыз берген. Сот үкімімен айыпталушыға 1 250 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынды», - делінген хабарламада.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.