Семейде салынатын ЖЭО-ның орны георадармен тексеріледі

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Семейде енді салынатын жылу нысанының аумағын георадармен зерттейді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Мұндай тапсырманы мамандарға ШҚО әкімі Даниал Ахметов бүгін жиналыста берді. Семейдегі жылыту мәселесін шешу үшін қалада ЖЭО құру жоспарлануда. Бұл нысан бірнеше ескі қазандықтарды алмастыруы мүмкін.

Ғалымдардың пікірінше, құрылыс жұмыстары жүргізілетін учаскеде археологиялық ескерткіштер орналасуы мүмкін. Даниал Ахметов бұл аумақты георадармен сканерлеуді тапсырды. Бұл арқылы жердің астында не барын анықтауға болады. Зерттеудің нәтижесі бойынша тиісті шаралар қолданылады.