СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы Бейбітшілік аралына серуенге шыққан зейнеткер снаряд тауып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына қоңырау шалған 69 жастағы азамат Бейбітшілік аралынан снарядқа ұқсас зат тауып алғанын айтты. Оқиға орнына тәртіп сақшылары жедел келіп жеткен.
«Тексеру барысында белгілі болғандай, бұл оқу-жаттығуға арналған артиллериялық снаряд. Ол айналаға ешқандай қауіп төндірмейді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта снаряд әскери бөлім қызметкерлеріне жеткізілді.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.