СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында құтқарушылар шұңқырға құлап кеткен жылқыны алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 13 тамызда түнгі сағат 03.00 шамасында болған.
«Семейдегі Восточный кентінде жылқы шұңқырға құлап кеткен. Жануарға көмек көрсету үшін оқиға орнына №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келіп жетті. Құтқарушылар жылқыны байлап, манипулятордың көмегімен алып шықты», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте құтқарушылар өңір жұртшылығына өз жануарларын қараусыз қалдырмауға кеңес береді.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.