АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында таеквондоның ІТF түрі бойынша дәстүрлі халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған додаға Қазақстанның барлық өңірлерінен келген спортшылармен қатар Моңғолия, Ресей, Тәжікстан және Қырғызстан мемлекетінен жалпы саны 500-ден астам таеквондошы бақ сынауда.
Сонымен бірге аталған турнир аясында жасөспірімдер арасында ел чемпионаты да бірге өтуде.
Екі күнге созылатын бәсекеде бақтары жанып, жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар келесі жылы Моңғолияда өтетін Азия чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болмақ. Ал Азия біріншілігінде топ жарғандар ары қарай Беларусьте өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.