ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары үнемі террористік тұрғыдан осал келетін нысандарға тексеру жүргізеді. Кезекті тексеру барысында Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Семей қаласындағы мектептердің бірінен өрескел ереже бұзушылықтарды анықтаған.
«Терроризмге қарсы заңнаманың талаптарын бұзғаны үшін мектеп директорына Семей қалалық әкімшілік сотының шешімімен ҚР ӘҚБтК-нің 149-бабы 1-бөлігіне сәйкес 100 АЕК көлемінде (277 мың 800 теңге) айыппұл салынды», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Сонымен қатар оған анықталған кемшліктерді жою үшін 30 күн уақыт берілді.