Балдырған жабық бас-ми жарақаты, бұғана мен сол жақ жіліншіктің сынуы диагнозымен ауруханаға жеткізілді. Semeyainasy.kz сайтының жазуынша, баланың анасы оны жалғыз қалдырып, дүкенге кеткен. Қараусыз қалған бала балконға шығып, құлаған. Қазір дәрігерлер баланы аман алып қалу үшін бар күштерін жұмсауда. Жансақтау бөлімінде жатқан қыздың қазіргі жағдайы - «тұрақты ауыр».
ШҚО ТЖД Семей қалалық Төтенше жағдайлар басқармасынан мәлім еткендей, соңғы уақытта сондай-ақ биіктікте селфи жасамақ болғандар қайғылы оқиғаларға душар болуда.
«Экстремалды жағдайда өзін суретке түсіру, яғни «селфи» жасамақ болып биіктіктен құлау - соңғы уақыттағы қайғылы «трендтердің» біріне айналуда.
Сондықтан, жеткіншек-балаларыңызбен қауіпсіздік шаралары бойынша алдын ала түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыруларыңызды сұраймыз», - делінген таратылған хабарламасында.