СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында жеке тұрғын үй ауласына жылан кіріп кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 27 қазанда түс кезінде Жангелдин көшесіндегі жер үйдің ауласына жылан кіріп кеткендігі жайлы хабар түскен.
«Жыланды байқап қалған үй иелері лезде құтқарушыларды шақырды. Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар бауырмен жорғалағышты бұғалықпен ұстап алып, шелекке салды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осыдан кейін олар қала шетіне шығып, жыланды еркіндікке жіберген.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.