СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласында бүгінде тұрғын үй кезегінде 10 739 отбасы тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Диана Шаяхметованың айтуынша, баспана кезегінде 403 көпбалалы, 1654 толық емес және 1654 мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасы бар.
«Былтыр 210 отбасыға үй берілді. Оның ішінде 103-і көпбалалы, 27-і жетім балалар, 86-ы әлеуметтің әлжуаз санатындағылар. Сондай-ақ «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бюджеттік ұйымдарда кезекте тұрған 12 адам Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі арқылы баспанаға қол жеткізді» - дейді ол.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.