Қазіргі уақытта Қарағайлы шағынауданында тұрғын үй құрылысын «Фирма Азия» ЖШС жүргізуде. Бұл мекеме осыған дейін шаһардағы 5000 орындық заманауи үлгідегі көпсалалы мәдени-спорт кешенін салған.
«Биыл Қарағайлы шағынауданында 25 көпқабатты тұрғын үй бой көтермек. Бұдан бөлек, тағы да 92 үйдің құрылысына арналған жобалық-сметалық құжаттама жасалуда. Осылайша алдағы уақытта бұл ауданда 60 000 отбасы қоныс тойын тойлайды», - деді Даниал Ахметов.
Оның айтуынша, құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бекітілген жоба бойынша көлік тұрақтары салынып, барлық аумақ абаттандырылады.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Семей қаласында алдағы 5 жылдың ішінде кезекте тұрғандардың барлығы баспанамен қамтылатыны хабарланған.