Төтенше жағдайлар қызметі жалын 20 маусым түнде Омская көшесіндегі жекеменшік тұрғын үйлердің бірінен шыққанын хабарлады. Құтқарушылар оқиға орнына келген кезде, шаруашылық құрылыстың 34 шаршы метр аумақтағы ағаш конструкциялары, сондай-ақ шатырдың ағаш бөліктері, дәліз, 100 шаршы метрдегі жиһаз өртеніп, жалын көрші тұрған үйдің 50 шаршы метр болатын шатырына өткен.
«Қолға алынған шаралардың арқасында, сағат 02:55-те өрт толық сөндірілді. Оның жалпы аумағы 184 шаршы метрді құрады. Иіс тиіп уланған көрші үйдің 2001 жылғы тұрғыны ауруханаға жеткізілген, оның жағдайы орташа ауыр. Сондай-ақ, өрт кезінде шаруашылық құрылыста 20 тауық қырылды», - деп хабарлады ТЖБ-дан.
Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына салықтық немесе үй шатырындағы электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін.
Еске сала кетсек, Семейде осыған ұқсас ірі өрт оқиғасы 5 маусымда болды.