СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде коронавирусқа шалдыққандар саны күн сайын артып келеді. Індет жұқтырғандардың санын азайту мақсатында қалада ерекше флэшмоб ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық Ақпарат орталығының мәліметінше, әлеуметтік желілерде #доБЬЕМСЯдоНУЛЯ хэштегімен семейліктерді маска киіп, инфекцияның таралу қаупін төмендетуге шақыратын челлендж іске қосылды. Оны қазақстандық эстрада жұлдыздары Айдана Меденова мен Гүлмира Сарина, қала белсенділері, спортшылар, жастар және танымал блогерлер қолдаған.
«Құрметті жерлестер! Соңғы кездері Семейде короновирус індетіне шалдыққан адамдар көбеюде. Бұл челенджд арқылы тұрғындарды маска киюге, жеке гигиенаны сақтап, әлеуметтік қашықтықты ұстануға шақырамыз! Себебі біздің денсаулығымыз өз қолымызда!, – делінген хабарламада.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.