30 желтоқсан күні Төтенше жағдайлар департаментіне Семей қаласының тұрғыны хабарласып, 6 бас жылқысы Ертіс өзенінің арнасынан шыға алмай тұрғанын хабарлаған.
«Өзендегі су толық қатпаған, сол себепті жылқыларға мұз үстімен жету мүмкін емес еді. Жылқы иесі құтқарушылардан көмек сұрады. Құтқарушылар «Лиман» арнайы киімін киіп, өзен арнасынан шыға алмай тұрған жылқылар аштан өліп қалмасы үшін шөп жеткізіп берді», - делінген баспасөз хабарламасында.
Су бетіндегі мұз қатқан соң жылқы иесі жылқыларын өз ауласына қарай алып кете алады. Дәл қазіргі уақытта жылқыларға қауіп төніп тұрған жоқ.
Авторы: Руслан Шақабаев