Полицияның хабарлауынша, 41 жастағы Риддер тұрғыны «ГАЗ 330202» маркілі ұрланған көлікпен Чехов көшесінің бойымен келе жатып, Чайковский көшесі арқылы Тельман көшесіне бұрылмақ болған. Алайда ол көлікті басқар алмай қалып, Чехов көшесінің бойындағы 73 мекен-жайда орналасқан ғимаратқа соғылған.
Жол апаты салдарынан жүргізуші оқиға орнында мерт болды. Осы факті бойынша бірнеше сараптама тағайындалды.