Семейде үйлену тойындағы төбелеске қатысты қылмыстық іс қозғалды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде тойлардың бірінде болған төбелеске қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Бұл туралы ҚазАқпарат қалалық ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

24 тамыз күні әлеуметтік желілерде  жас жұбайлардың серуенінде бір топ азаматтардың өзара төбелесінен түсірілген видео тараған болатын. Оқиғадан кейін жедел - тергеу тобы  құрылып, Түйемойнақ аралында шу шығарған азаматтардың жеке тұлғалары анықталды. Ұсталған 6 азамат тергеу кезінде өз кінәсін мойындаған.

«Қазір олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды» делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

 

Испортили праздник 😢😱 #go_semey

Публикация от СМИ 🇰🇿🐪|16 (@go_semey) 23 Авг 2018 в 11:55 PDT