Семейде ядролық сынақ полигонының жабылуының 20 жылдығына арналған шахмат турнирі басталды

Фото: None
СЕМЕЙ.  Шілденің  9-ы.  ҚазАқпарат /Лина Славина/ -   Семейде ядролық  сынақ   полигонының  жабылуының 20 жылдығына   арналған  жыл сайынғы дәстүрлі  ашық шахмат турнирі  өтуде,

деп  хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Турнирге  Алматы,  Өскемен, Семей   қалалары  мен   Шығыс Қазақстанның аудандарынан  40-тан  астам спортшы қатысуда.  Олардың  қатарында 15 кандидат    және  бір спорт шебері  бар.  Жарыс 5 күнге созылады.

Турнирдің ашылу  рәсімінде сөз сөйлеген     «Невада-Семей»  қозғалысының шығысқазақстандық бөлімінің  жетекшісі  Сұлтан Картоев     қозғалыстың  екі  белсендісі, турнирге  қатысушы - 80 жастағы Баяхыр  Игембаев  пен    Жазип  Мүшрабқа  «Невада-Семей» халықаралық   қозғалысына 20 жыл» медальдарын  табыс  етті.