Биылғы суға түсу маусымында семейліктер жаңа жағажайға барып шомыла алатын болады. Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында шаһар басшысы Нұрымбет Сақтағанов мәлімдеді. Бүгінгі таңда жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, жағажайдың орны анықталған.
«Жағажай сол жағалаудағы Мелькомбинат ауданында болады. Қазір құжаттама тиісті органдарда келісуден өтіп жатыр», – деді қала әкімі.
Жағажайдан басқа тұрғындар 2019 жылы қайта құру үшін жабылған орталық саябақта демала алады. Аталмыш саябақтың ашылуы Халықаралық балаларды қорғау күнінде, яғни 1 маусымда жоспарланып отыр.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Семей қаласында жаңа көпір салынатындығын хабарлаған болатынбыз.