Семейде жаңажылдық көрме ашылды

Фото: None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейдегі Ф.Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық музейде «Былтырғы қар 2020» атты көрме ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрмеге 200-ден астам жаңажылдық атрибут қойылған. Келушілер жаңажылдық хаттарды, 19 ғасырдың аяғынан бастап бүгінгі күнге дейінгі шыршаны безендіруге арналған заттарды, шағын шыршаларды, Аяз ата мен Ақшақарды және тағы басқа экспонаттарды көре алады.

«Ойыншықтар картоннан, мақтадан және шыныдан жасалған. Олардың әрқайсысының өз аңызы мен өз тағдыры бар», - дейді көрме бөлімінің бастығы Владимира Соловьева.

Сонымен қатар көрмеде жергілікті қолөнершілер жасаған жаңажылдық безендіргіш заттар да ұсынылған. Осының арқасында экспозиция алуан түрлі болды. Көрме 2021 жылдың 20 қаңтарына дейін жалғасады.

Айта кетейік, музейде барлық санитарлық нормалар сақталған. Көрмені тамашалау үшін алдын ала телефон арқылы жазылу керек.


Соңғы жаңалықтар