ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, сейсенбі, 22 қаңтар күні Семей қаласында «Шығыс оң жағалау» саяжай қоғамындағы үйлердің бірінен өрт шықты. Тілсіз жау тұрғын үйдің 80 шаршы метрін күлге айналдырды.
Жалынмен күрес барысында иіс тиіп уланған 2010 жылы туған бала оқиға орнынан құтқарылып, ауруханаға жеткізілді. Өрт орнында 30 жастағы әйел мен 5 жасар баланың денелері табылды.
Онымен күреске ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 13 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.