Оқыс оқиға туралы Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды. Түн жарымында үйінде жас жігіт пышақ қайрап отырған. Абайсызда пышақ қайраудан ұшқан ұшқын оқ дәріге тиіп, жарылып кеткен. Төтенше жағдайдан 34 жастағы жігіт ауыр жарақат алған.
«Жарылыс нәтижесінде ер адамның денесінің 30 процентін күйік шалған. Оны бірден медициналық жедел жәрдем көлігі алып кетіп, ауруханаға жатқызды», - деп хабарлайды ведосмтвоның баспасөз қызметі.
Аян Өрібай