Оның атап өтуінше, қауымдастық өткен жылы 17 облыстық жауынгерлік өнер фестивалі мен 2 халықаралық шара ұйымдастырды. Аралас жекпе-жектен GFC пен Jayynger промоушені бірлесіп, Атырауда «GFC 17» турнирін өткізді. Карате киокушинкайдан 4-ші әлем чемпионаты өткізіліп, қазақстандық спортшылар жалпы командалық есепте 40 мемлекет арасынан 2-орынға ие болды.
«2020 жылы студенттер арасында муай-тайдан әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз. Оған әлемнің 30 елінен 300-ге жуық спортшы келеді деп күтіледі. Сонымен қатар Семей қаласында қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған Жауынгерлік өнер фестивалін өткіземіз», - деді Кәрім Мәсімов.
Фото: sportvko.gov.kz