Бұл жайлы Ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихаты барысында қалалық Жер қатынастары бөлімінің басшысы Құдайберген Сейілханов мәлім етті.
«Көп жағдайда жер учаскелерін бермеудің негізгі себебі – жеке тұрғын үй құрылысы үшін қажетті инженерлік коммуникациялардың болмауы. Соңғы бір жылда жер үй салу үшін 48 жер учаскесі берілген. Сонымен қатар «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша жергілікті ЖШС-лардың бірі 10 жер учаскесін алған. Бүгінде онда 10 үй бой көтерді», - деді ол.
Бұдан бөлек, бірқатар жер учаскесі 2022 жылы аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін резервке алынған.
«Өткен жылдан бастап мемлекеттік мүліктер реестрінің веб-порталында жер учаскелерін жалға алу құқығын сату бойынша бес электронды сауда өтті. 119 жер учаскесі қойылып, оның 76-ы сатылған. Сату құнының жалпы сомасы 220,1 млн теңгені құрады», - деді Құдайберген Сейілханов.