Ведомствода 5 маусым күні сағат 23:00-де пультқа Ибраев көшесінің бойындағы 9 қабатты үйдің паркингінде 2000 жылғы «Toyota Land Cruiser» маркалы автокөліктің жанып жатқаны туралы хабар келіп түскен. Көліктің моторлы бөлігі жанғаны анықталды, жалын 8 шаршы метр аумаққа таралған.
«Түтінді үй тұрғындары байқап, өрт сөндірушілерді шақырған. Оқиға орнына бір минутта жеткен өрт сөндірушілер адамдарды эвакуациялауға көмек көрсеткен. Барлығы 57 ересек адам мен сегіз бала эвакуацияланды», - деп атап өтті ТЖБ-да.
Осы уақытта Семей қаласының № 2 мамандандырылған жасақ бөлімінің өрт сөндірушілері автокөліктегі жалынды сөндіріп, 20 минут ішінде өртті ауыздықтады. Өрт кезінде қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.