СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласында жоғалып кеткен 9 жасар бала 2 күннен кейін табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«24 қаңтар күні із-түзсіз жоғалып кеткен Айдар Егізбаевты Әуезов аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары тапты. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Оқушы бала 24 қаңтар күні таңертең үйінен шығып кетіп, қайта оралмағанын бұған дейін жазған болатынбыз.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.