ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін іздестіру жұмыстары барысында Бобровка саяжай алабы маңындағы Ертіс өзенінің жағасынан қыздың денесі табылған. Мәйіттің із-түссіз жоғалып кеткен 19 жастағы бойжеткен екені белгілі болды.
«Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жалғасуда», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Өзендегі су деңгейінің жоғары болуына байланысты осыған дейін бұл жерді тексеру мүмкін болмаған. Қыздың денесін еріктілер тауыпты.
Естеріңізге сала кетсек, 3 мамыр күні үйден шыққан 2000 жылғы қыздың сол күйі қайтып оралмағаны хабарланған болатын.