ШҚО Төтенше жағдайлар баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы Семейдегі Шәкәрім даңғылы және Дулатов көшесінің қиылысында болды.
«Тойота прадо» және «Ваз» маркалы екі көлік соқтығысқан. Жол апаты салдарынан «Ваз» автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі іште қыстырылып қалды. Оқиға орнына №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері шұғыл келіп жетті. Құтқарушылар зардап шеккен адамды арнайы құралмен көліктен шығарып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды», - делінген ақпаратта.
Осы ретте, департамент мамандары қандай да бір қиындыққа тап болған өңір жұртшылығына дереу «112» нөміріне қоңырау шалу керектігін ескертті.