ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Тәңірбергенов көшесінен көпірге қарай келе жатқан «LADA 21144» автокөлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп «LADA Largus» көлігімен соқтығысқан.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «LADA 21144» жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал екінші көліктегі 59 жастағы жүргізуші мен 80 жастағы жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Семей қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасына жатқызылды», - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалып, соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.