СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында жол апатынан 3 адам жарақат алып, 1 жасар нәресте қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 16 тамыз күні сағат 11.00 шамасында болған.
«Lada автокөлігінің 67 жастағы жүргізушісі басты жолға шыға бергенде жүк көлігіне жол бермей қойған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жеңіл көліктегі 3 адам жарақат алып, 1 жасар нәресте оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен (абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.