Семей қаласы ПБ жедел басқару орталығының камералары үйлену той кортежінің құрамындағы «LADA» және «HYNDAI» маркалы машиналардың жол ережесін бұзу фактісін анықтады.
«Автокөлік жүргізушілері әкімшілік кодекстің 5 бабы бойынша, оның ішінде қауіпсіздік белбеуін тағу, жолаушы тасымалдау ережелерін, маневр жасау ережелерін бұзғаны, авариялық жағдай туғызғаны және көлік пайдалану ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды» дейді полициядан.
Нәтижесінде аталған құқық бұзған адамдарға 16 хаттама толтырылған. Жалпы сомасы 160 989 мың теңгеге көлемінде айыппұл салынды.
Көліктер айып тұрағына қойылды.