Соңғы төрт ай ішінде тіркелген жұмыссыздар санының көрсеткіші 27 пайызға азайған.
Семейде «Жол картасы» бағдарламасын іске асыру үшін қайта құру, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуі тиісті 116 нысан енгізілген. Республикалық бағдарламаның жүргізіліп келе жатқан уақыты ішінде бөлінген қаражаттарды үнемдеу есебінен қосымша 30 нысан жөндеуден өткізілді.
Қазіргі уақытта «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 3 167 адам жұмысқа орналастырылды, ол жоспардың 75 пайызын құрайды.