Семейде Жол картасының жүзеге асырылуы - депутаттардың бақылауында

None
СЕМЕЙ.   Қыркүйектің  4-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ -  «Үкімет  қабылдап жатқан дағдарысқа  қарсы шаралар,  оның ішінде  «Жол картасы» бағдарламасын  жүзеге асыру  аясындағы  шаралар   Семей  өңіріндегі еңбек  нарығына  оң әсер етуде», -  дейді  қалалық мәслихат депутаттары.

Қалалық  мәслихат    бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен      өткізген  кездесуде     дағдарысқа қарсы бағдарламаның мақсат-міндеттері  және оны жүзеге асырудың    барысы егжей-тегжейлі  сөз   болды.

Аймақтың   әлеуметтік  нысандарын  қаржыландыруға  2  миллиард   374 мың  417  теңге  бөлінген,   оның  ішінде  2 миллиард  теңгедей соманың  трансферттері  республикалық   бюджеттен   аударылған. Қаражат       еңбекпен  қамту  және  әлеуметтік бағдарламалар,  тұрғын үй-коммуналдық   шаруашылық,    құрылыс,  білім және   мәдениет   бөлімдері  бойынша      бағдарлама әкімшілеріне  бөліп    берілген. Өңірде    жол жөндеу,   аулалар  мен көшелерді абаттандыру,   су    желілерін  жаңарту,    білім нысандарын жөндеу     сияқты  жұмыстар   жүргізіліп жатыр.    Жол  картасының  жүзеге асырылу  барысы     халық қалаулыларының бақылауында.      Депутаттар  Ардақ Әділжанов,  Кенжеғазы Тоқжігітов  және Ермек Сұлтанов   қалалық «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік  басқармасына,  «Білім бөлімі»  мемлекеттік басқармасы   мен «Мәдениет   және   тілдерді дамыту» мемлекеттік басқармасына мемлекеттік сатып алулар бойынша    конкурстық комиссияның  құрамына кіріп отыр.

Бағдарлама  әкімшілерімен    болған  кездесулердің барысында  депутаттар    оларға    қазақстандық    өндірушілердің тауарларын  алуға,       қала кәсіпорындарындағы   қысқартуларға байланысты  жұмыссыз қалған  мамандар  үшін қосымша жұмыс  орындарын  құруға      назар  аудару жөнінде  кеңес  беруде.

Қалалық мәслихаттың баспасөз қызметінен  хабарлағанындай,     өкілетті  органның  тексеру комиссиясы   Жол  картасының   мақсатты  ағымдағы   трансферттері  бойынша өткізілген тендерлер бойынша  мәліметтер  туралы     барлық     бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне сауалдар  жіберді.   «Жол картасы»  аясында    17  білім ошағында  атқарылған жұмыстар   бойынша тексеру    аяқталды.    Жұмыс жалғасуда.