Оқиға Қаржаубайұлы көшесінде болған. Өрт туралы хабар түскен бойда оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті.
Құтқарушылар өртті қысқа уақыт ішінде толық сөндірді.
Ведомство мәліметінше, оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт шыққан сәтте автобуста жолаушылар болмаған.
– Көлік құралдарының техникалық жағдайын және электр жабдықтарының жарамдылығын үнемі тексеріп отыру қажет, – деп ескертті Төтенше жағдайлар министрлігі.
Өрттің шығу себебі әзірге хабарланған жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында 37 жолаушысы бар автобус өртенген болатын. Оқиға кезінде жолаушылар қауіпсіз жерге шығып үлгерген, зардап шеккендер тіркелмеген.