7 тамызда, күндіз Dong Fang маршруттық автобусының 58 жастағы жүргізушісі Қ.Мұхамедханов көшесімен келе жатып, рульге ие бола алмай қалған. Көлік алдымен, жол белгісіне, одан кейін модульдік полиция бекетіне соғылған.
«Осы кезде екі полиция қызметкері пунктте қызмет атқарып отырған еді. Зардап шеккендер жоқ.
Автобус жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - делінген мәліметте.