Семейде жолаушылар мінген автобус аударылып қалды
14:00, 15 Ақпан 2018
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде №56 жолаушылар автобусы жылдамдықты арттыру салдарынан аударылып қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Оқиға түсте «Көлік базары» аумағында болған. Жоғары жылдамдықпен келе жатқан автобус жүргізушісі қиылыстан өтіп кетпекші болған , алайда бұрылып үлгермеген, соның салдарынан автобус жолдың жағасына шығып кетіп, жолаушылармен бірге аударылған.
Апаттың салдарынан 9 адам зардап шеккен. Құрбан болғандар жоқ.
Автобус жолаушылары жүргізушіге бірнеше рет ескерту жасаған.
«Есуас жүргізуші», - деді жолаушылардың бірі автобустан шығып жатып.
Қазір оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Зардап шегушілер түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.