2017 жылдың қазан айында қаладағы Тәңірбергенов көшесінде «Toyota» көлігінің жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, қатты жарақат салдарынан азамат ауруханада көз жұмған. Жүргізушінің үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі (адамның абайсызда өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша іс қозғалды.
Сот шешімімен 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған жүргізуші 5 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан шеттетілді. Алайда талапкерлер жүргізушінің моральдық шығын өтеуін талап етті. Сот үкімімен талап-арыз қанағаттандырылды.
«Талапкер өз арызында еш жерде жұмыс істемейтінін және зейнетақыға күн көріп отырғанын және банкте несиесінің барын айтып шағымданды. Және жолдасы жол-көлік оқиғасы салдарынан алған дене жарақаттары салдарынан көз жұмған. Барлығын ескере келе сот талапкердің арызын қанағаттандырды»,-делінген хабарламада.