Бұл туралы ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихатында қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Баян Бейсекеева мәлім етті.
Оның айтуынша, 2022 жылдың алғашқы 3 жарым айында 561 жұп отбасын құрған. Мұндай көрсеткіштің тіркелмегеніне бірнеше жыл болған.
Биыл үйленгендер санының күрт артуына коронавирус пандемиясына қатысты шектеулердің жеңілдеуі себеп болуы ықтимал.
«Жыл басынан бері 129 ерлі-зайыпты некесін бұзды. Бала туу туралы айтар болсақ, биылғы бірнеше айда 1768 нәресте дүниеге келді. Ал өткен жылы 426 неке бұзылса, жаңа туған нәресте саны – 6898-ді құраған», – деді Баян Бейсекеева.
2021 жылы тегін, атын немесе әкесінің атын ауыстыруға 223 өтініш қабылданды.
Қазіргі уақытта АХАТ бөлімі ХҚО-дан бөлек, электронды үкімет порталы арқылы да жұмыс істеуде.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Семейде «Сергек» камералары маусым айында іске қосылатынын хабарлаған едік.