Семейде жыл басынан бері 24 бала менингит жұқтырған

Фото: None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде 7 ай ішінде 25 адам менингит ауруын жұқтырған. Оның ішінде тек бір ғана науқас - ересек. Бұл ауру балалар арасында тез таралатын болып тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Семей ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Бұл жөнінде Семейқаласы жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Сәуле Раушанқызының жәнемамандардың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Серозды менингит - мидың сероздықабықтарын зақымдайтын энтеровирустық ауру. Барлық вирустар белгілі бір маусымдаөршиді. Тұмау және герпесвирустар күзгі-қысқы кезеңдерде көп таралса, алэнтеровирустар үшін ішек вирусы сияқты жазғы кезең тән.

Энтеровирустық инфекция көпжағдайда су мен тамақ арқылы жұғады. Негізгі клиникалық белгілері: денеқызуының көтерілуі, бас ауруы, жүректің айнуы, лоқсу. Аталған белгілер пайдаболған жағдайда өз бетінше емделуге жол бермей, бірден дәрігерге көріну керекдейді мамандар.

- Вирустабылған жағдайда адамға толық диагностика жасап, емдеу қажет. Бұл жұқпалы аурутамыз айында қатты өршиді. Осыған байланысты негізгі мақсат – бұл инфекцияныңхалық арасында, атап айтқанда балалар арасында өсуіне және одан әрі таралуынажол бермеу керек. Және бұл мамандар бақылауында, - деді эпидемиологиялыққадағалау бөлімінің бас маманы Динара Бексұлтанқызы.

Жұқпалы ауруды жұқтырмауүшін қарапайым гигиена ережелерін сақтау керек. Жемістер мен көкөністердімұқият жуу, қолды жуу, үй-жайды желдету. Су айдындарында және бассейндердешомылғанда ауыз қуысына су жібермеу қажет.

Соңғы жаңалықтар