Қалалық әкімдіктің мәліметінше, Холодный Ключ кентіндегі көпірді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
— Холодный Ключ кентіндегі көпірді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендер жоқ. Көпірдің ені 1,5 метр, ұзындығы 100 метр. Көпір астындағы судың тереңдігі шамамен 3 метр, ал су деңгейінен құрылымға дейінгі қашықтық 50–60 см құрайды. Жағдай Семей қаласы әкімдігінің бақылауында, — делінген әкімдік хабарламасында.
Бұған дейін хабарланғандай, сот мүмкіндігі шектеулі семейлік азаматты тұрғын үймен қамтуға міндеттеді.