Семейдегі қайғылы оқиға: Ертіске түсіп кеткен көлік шығарылды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазір Төтенше жағдай министрлігінің 100-ден астам қызметкері қалған екі адамды іздестіріп жатыр.

Фото: Видеодан скриншот

Семейде Ертіс өзенінде іздестіру-құтқару жұмыстары барысында Қазақстан ТЖМ қызметкерлері ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімінің инженерлік техникасының көмегімен судан батып кеткен автокөлікті алып шықты.

Қазір ведомствоның 100-ден астам қызметкері көліктің ішінде болған екі адамды іздестіру жұмыстарын жүргізуде. 

Еске салсақ, кеше Семейде жарысып жүрген көліктің бірі Ертіс өзеніне көлік құлап кеткені хабарланды.

Қайғылы оқиға кезінде көлікте төрт адам болған. Жолаушылырдың тек біреуі ғана жағаға дейін аман-есен жүзіп шыққан. Өкінішке қарай, кейіннен өзеннен бір жолаушының денесі табылды.