СЕМЕЙ. KAZINFORM – Семей қаласындағы бірнеше көшеде су сору жұмыстары аяқталды.
Қала көшелерінің аулаларынан еріген қар суын сору жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр.
«Жергілікті атқарушы орган өкілдері мен ТЖД қызметкерлері жағдайға тұрақты мониторинг жүргізіп жатыр. Елді мекендерге, жер үйлерге су кіру қаупі жоқ. Кешелі бері құтқарушылар Қажымұқан, Репин, Красин және Городская көшелерін қарғын судан тазалады», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта аталған көшелерде еріген қар суын сору жұмыстары аяқталды. Барлығы 1200 текше метрден астам су сорылды.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.