СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы аспалы көпірге атау қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Көпірге атау қойған жөн. Ол үшін әлеуметтік желілерде байқау жариялау керек. Тұрғындар өз ұсыныстарын айтсын. Негізінен басқа жерлерде біздегі сияқты үлкен көпірлердің әдемі атаулары болады», - деді облыс әкімі Даниал Ахметов Семейдегі жиналыс барысында.
Аймақ басшысы өз сөзінде аспалы көпірді толық жарықтандыру мақсатында 340 млн теңге бөлінетіндігін айтты.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.