Семейдегі Астана күні - бұқаралық серуен

Фото: None
СЕМЕЙ. Шілденің 6-сы. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семейліктер еліміздің бас қаласы - Астана күнін бұқаралық серуенмен атап өтпек,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Мереке орталық саябақта 17:00-де басталады. Қалалықтар сан түрлі көңіл көтеретін шараларға, байқаулар мен ойындарға қатысады. Кештің соңы үлкен концерттік бағдарламаға ұласпақ, оған ұлттық-мәдени орталықтардың көркемөнерпаздар шығармашылық  ұжымы мен танымал әртістер қатысады.