СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласындағы әуежайға Абай аты беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Республикалық ономастикалық комиссия қоғам белсенділерінің Семей қаласындағы әуежайға Абай атын беру туралы ұсынысын қолдады.
«Өткен жылы әуежайды Абай атымен атау туралы ұсыныс түскен. Оны ономастикалық комиссия мақұлдаған соң күзде республикаға жіберілген болатын. Ұсыныс сол жақтан да қолдау тапты. Енді ресми жарлық шықса Семейдегі әуежайға Абай атауы беріледі», - дейді Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Анаргүл Бүркітбаева.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.