Комитет мәліметінше, қазіргі уақытта орман алқабының 3 учаскесінде және жазық далалық жерде өрт сөндіріліп жатыр. Оған облыстық ТДЖ, «Семей орманы», «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваттарының күштері мен құралдары, жергілікті атқарушы орган өкілдері жұмылдырылған. Жалпы 300-ден астам адам мен 85-тен астам техника өртпен жұмылдырылған.
«Су төгетін арнайы құрылғысы бар МИ-8 тікұшағымен өрт әуеден сөндіріліп жатса, МИ-2 тікұшағының көмегімен жағдайды бағалау үшін әуеден қарау және өртті сөндіруге қатысты одан арғы шешімдер қабылжау жүзеге асырылып жатыр. Өрт шарпыған болжамды аумақ шамамен 2 мың гектарды құрайды. МИ-26Т ұшағы жанармай құю үшін Семей қаласына аялдады. Семейден өрт орнына дейін шамамен 30 минутта ұшып жетеді», - деді ведомстводан.