«Семей қаласы мен Курчатов қаласының кәріз-тазарту құрылыстары 75 пайызға тозған. Олар өз кезегінде күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қажет етеді. Бұл үшін көп қаржы қажет. Дегенмен, жергілікті атқарушы органдар экологиялық төлемдерден түсетін қаражатты осы мақсаттарға пайдалана алады», - деді министр.
Мәлім болғанындай, Абай облысындағы 170 қоқыс полигонының тек бесеуі ғана экологиялық-санитарлық талаптарға сай келеді. Серікқали Брекешевтің айтуынша, бұл – өте төмен көрсеткіш.